Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының құрамына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу туралы конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қолма-қол немесе мемлекеттік органның электрондық мекенжайына белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін (1-қосымша);
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (байланыс мәліметтерін қоса);
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.Жұмыс тобының сандық құрамы 9 адамнан тұрады, оның ішінде 6 адам коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар және 3 адам мемлекеттік органның өкілдері.Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 24 ақпаннан 28 ақпанға дейін қоса алғанда.Құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық пошта мекенжайлары: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 (4 кіреберіс, 517/1 кеңсе). e.kazimova@minfin.gov.kz. Ақпарат үшін телефон: 8 (7172) 75-16-39.Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.Байқаушы болуға ниет білдірген азаматтар белгіленген мерзімде мемлекеттік органға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге байқаушы ретінде қатысуға өтініш береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -