МЕМЛЕКЕТТІК КЛИНИКАЛАРДЫҢ 97%-ДАН АСТАМЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ШАРТ ЖАСАСТЫ: Астана қаласы, 24 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК КЛИНИКАЛАРДЫҢ 97%-ДАН АСТАМЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ШАРТ ЖАСАСТЫ

Өткен жылдың қазан айында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізу бойынша енгізілген нормалар дың шеңберінде Қазақстанда мемлекеттік медициналық ұйымдардың 97,1%-ы және жеке медициналық мекемелердің 47%-ы тиісті шарттар жасасты.

Медицина қызметкерлерін сақтандыру жүйесіне неғұрлым жоғары тартылуға Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Шығыс Қазақстан (100%), Қостанай (91%), Батыс Қазақстан және Абай (90%) облыстарында қол жеткізілді. Сонымен қатар, Маңғыстау (30%), Қызылорда (36%), Алматы (49%), Түркістан (51%) облыстарында және Шымкент қаласында (34%) медициналық ұйымдар сақтандырумен аз қамтылған.

Медициналық қызметті жүзеге асырудың нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты медицина қызметкерлерінің мүліктік мүдделері медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру нысаны болып табылады.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектілерінің есебінен жүзеге асырылады.

Сақтандыру денсаулық сақтау субъектісінің Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қатысушыларымен жасасатын сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады. Бұл пул 14 сақтандыру компаниясын біріктіреді, ал оның әкімшісі «MOI (МЕНІҢ) сақтандыру брокерім» ЖШС болып табылады. Шарттар сақтандыру мерзімінің ішінде қолданылады және бірінші сақтандыру жағдайынан кейін тоқтатылмайды.

Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының медицина қызметкерінің денсаулық сақтау субъектісімен кәсіптік жауапкершілігін бірлесіп сақтандыру шартын жасасудан бас тартуына жол берілмейді.Бірлесіп сақтандыру шарты интернет-платформада құрылған денсаулық сақтау субъектісінің жеке кабинеті арқылы электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалады.

Денсаулық сақтау министрлігі жеке медициналық ұйымдардың арасында кәсіптік сақтандырумен қамтудың төмен деңгейі проблемасына назар аударады. Жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын күшейту үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің базасында медициналық мекемелерге консультациялық қолдау көрсететін өңірлік штабтар жұмыс істейді.

2024 жылғы 23 қазаннан бастап Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілді. Жаңа талаптарға сәйкес барлық медициналық ұйымдар, сондай-ақ жеке практикалаушы мамандар өздерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырып, Medpul.kz электрондық ақпараттық жүйесі арқылы шарт жасасуы тиіс.

Ақпарат көзі: Министерство здравоохранения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар