«Мемлекеттік қызмет көрсетуші мектебі»: қаржы және экономика саласының мамандары үшін семинар өткізілді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, Мемлекеттік қызмет көрсетуші мектебі» жобасы аясында жергілікті атқарушы органдардың 200-ге жуық қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізді. Шара сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.
Семинарда Ұлттық экономика министрлігі және Отбасы банкінің өкілдері «Дипломмен ауылға» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы тиісті түсіндірмелер берді. Бұл қызмет халық арасында сұранысқа ие және ауылдық жерлерге жоғары білікті мамандарды тарту, оларға көтерме жәрдемақылар мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер беруге бағытталған.
Статистикаға сәйкес 2023 жылы 5 671 қызмет көрсетілсе, 2024 жылдың 1 жартыжылдығында 5 048 қызмет ұсынылған.
Талқылау барысында көрсетілетін қызметті берушілер – экономика және қаржы бөлімдерінің өкілдері аталған қызмет бойынша сұрақтарын қойды. Оның ішінде, ақпараттық жүйенің кемшіліктері, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларға тиісті өзгерістер енгізу және өзге де мәселелер қозғалды. Қатысушылардың барлық сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, қағидаларға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстар қаралатындығы айтылды.
Аталған қызмет азаматтар үшін әлеуметтік маңызды болуына байланысты Агенттіктің өкілі көрсетілген қызмет бойынша жиі қойылатын сұрақтарға кейстер түріндегі жауаптар тізбесін әзірлеуді, оны қызмет берушілердің сайттарында жариялауды ұсынды. Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері осындай түсіндірулерді ай сайын жүргізуге бастамашылық жасады.
Атап өту керек, Агенттік «Мемлекеттік қызмет көрсетуші мектебі» бағдарламасына сәйкес оқыту семинарларын тұрақты түрде өткізіп, қызмет көрсетушілердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық спектрін қамтитын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -