Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Сингапур Ұлттық университеті өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Сингапурдағы іссапар аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Сингапурдың Мемлекеттік қызмет басшысы Лео Иппен екі жақты кездесу өткізді.
Кездесуде Сингапур мемлекеттік қызмет колледжі мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекет басқару академиясы арасындағы өзара түсіністік меморандумы аясында мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру бойынша 2025 жылы жүзеге асырылатын іс-шаралар талқыланды.
Сондай-ақ Агенттік төрағасы Сингапур ұлттық университеті және Наньянг технологиялық университетінің басшылығымен мемлекеттік қызметшілердің құзыреттілігі және кәсіби дағдыларын арттыруға қатысты өзара ынтымақтастық кездесулерін өткізді.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Сингапур Ұлттық университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында мемлекеттік басқару мен қызметте озық тәжірибе алмасу, басшылық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша қысқа мерзімді оқыту курстары мен семинарларын ұйымдастыру, Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебінің оқу бағдарламалары бойынша оқыту көзделуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -