Мемлекеттік қызметшілер үшін құмар ойындарға қатысты шектеулер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді: Астана қаласы, 10 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер үшін құмар ойындарға қатысты шектеулер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметшілер үшін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулерді түсіндіру бойынша іс-шара өтті. Оған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.

Шақырылған спикер – психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты психиатр, нарколог-дәрігер Тоқтар Қойшыбеков лудоманияның азаматтардың психологиялық жағдайына кері әсері туралы айтып берді.

Өз кезегінде МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің ахуалдық мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы Жәнібек Наушабай мемлекеттік қызметшілер арасында ойын мекемелеріне барумен немесе құмар ойындарға қатысумен байланысты бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуынан болатын тәуекелдердің алдын алу жолдарын және лудоманиямен күреске бағытталған заңнамалық бастаманы іс жүзінде жүзеге асыруды талқылады. Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салатын заң ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

Сондай-ақ іс-шарада жаңа талаптардың сақталуын бақылауды күшейту және мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды.

Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметшілер үшін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулерді түсіндіру бойынша іс-шара өтті. Оған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.

Шақырылған спикер – психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты психиатр, нарколог-дәрігер Тоқтар Қойшыбеков лудоманияның азаматтардың психологиялық жағдайына кері әсері туралы айтып берді.

Өз кезегінде МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің ахуалдық мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы Жәнібек Наушабай мемлекеттік қызметшілер арасында ойын мекемелеріне барумен немесе құмар ойындарға қатысумен байланысты бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуынан болатын тәуекелдердің алдын алу жолдарын және лудоманиямен күреске бағытталған заңнамалық бастаманы іс жүзінде жүзеге асыруды талқылады. Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салатын заң ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

Сондай-ақ іс-шарада жаңа талаптардың сақталуын бақылауды күшейту және мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды.

Аймақтағы жаңалықтар