Өнеркәсіпті дамыту қоры қолдайтын жобалардың әсері іріктеу кезеңінде бағалана бастайды: Астана қаласы, 20 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Өнеркәсіпті дамыту қоры қолдайтын жобалардың әсері іріктеу кезеңінде бағалана бастайды

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өзі қолдайтын өңдеуші өнеркәсіп жобаларының әлеуетті әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалай бастайды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша енгізілді.

Өткен жылдың қыркүйек айында өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру тиімділігіне аудит жүргізілді. Аудит барысында аудиторлар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ үшін қаржыландырудың басым бағыттары айқын әлеуметтік-экономикалық әсері бар лизингтік мәмілелер болып табылатынына назар аударды. Алайда жобаларды іріктеу процесінде мұндай бағалау жүргізілмейді және оны жүзеге асыру әдістемесі де жоқ.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Өнеркәсіпті дамыту қорының басшылығына 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін жұмыстағы осы кемшілікті түзетуді тапсырды.

Нәтижесінде басқарманың 27 қаңтардағы шешімімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да оның қаржыландыру құралдары бойынша қолдау алатын өңдеу өнеркәсібі жобаларын іске асыру шеңберінде Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу және мониторингілеу әдістемесі бекітілді.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылданды. Мәселен, кәсіпорындардың бірі 2022 жылғы мамырдан 2023 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде «Өнеркәсіпті дамыту қорымен» шарт бойынша лизингтік төлемдерді бірнеше рет кешіктірген. Бұл бойынша алынбаған өсімпұл 14 млн теңгеден астам соманы құрады. Бүгінгі күні есептелген өсімпұл бойынша берешек толық көлемде өтелді.

Telegram-каналға жазылу

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өзі қолдайтын өңдеуші өнеркәсіп жобаларының әлеуетті әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалай бастайды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша енгізілді.

Өткен жылдың қыркүйек айында өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру тиімділігіне аудит жүргізілді. Аудит барысында аудиторлар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ үшін қаржыландырудың басым бағыттары айқын әлеуметтік-экономикалық әсері бар лизингтік мәмілелер болып табылатынына назар аударды. Алайда жобаларды іріктеу процесінде мұндай бағалау жүргізілмейді және оны жүзеге асыру әдістемесі де жоқ.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Өнеркәсіпті дамыту қорының басшылығына 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін жұмыстағы осы кемшілікті түзетуді тапсырды.

Нәтижесінде басқарманың 27 қаңтардағы шешімімен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да оның қаржыландыру құралдары бойынша қолдау алатын өңдеу өнеркәсібі жобаларын іске асыру шеңберінде Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу және мониторингілеу әдістемесі бекітілді.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылданды. Мәселен, кәсіпорындардың бірі 2022 жылғы мамырдан 2023 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде «Өнеркәсіпті дамыту қорымен» шарт бойынша лизингтік төлемдерді бірнеше рет кешіктірген. Бұл бойынша алынбаған өсімпұл 14 млн теңгеден астам соманы құрады. Бүгінгі күні есептелген өсімпұл бойынша берешек толық көлемде өтелді.
Telegram-каналға жазылу

Аймақтағы жаңалықтар