Оқушылардың көзқарастарын кеңейту
Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан «Қарабұлақ орта мектеп» КММ оқушылары арасында «Әлеуметтік желі адастырмасын» және «Желідегі діни контент: пайдасы мен зияны» тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
80-нен астам оқушы мен мектеп мұғалімі қамтыған кездесуде қазіргі таңдағы өзекті болып жатқан діни экстремизм мен терроризм мәселесі жайлы айтылды.
Орталықтың теолог-маманы Жасұлан Муратыұлы радикалды ағымдардың қоғам ішіндегі тұрақтылықты бұзып, ішкі және сыртқы ортаға өз қауіптерін тигізіп жатқаны туралы кеңінен ақпарат берілді.
Спикерлер халыққа жат идеологияның өкілдері ғаламтор арқылы азаматтарды өздеріне тартып, жалған діни ақпаратпен бөлісіп, азаматтық құқықтарына нұқсан келтіріп жатқаны жеткізілді.
Іс-шара барысында дінге қатысты күрделі сұрақтар мен сауалдар бойынша тек ресми түрде ақпарат таратушы діни сайттар мен арнайы мамандардан кеңес алу қажет екендігін айтылды. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, теолог тарапынан тиесілі жауаптары беріліп, кері байланыс орнатылды.
Материал Жетісу облысы бойынша ҰҚКД
ТҚО бөлімі ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -