Облыс әкімі Асайын Байханов «Павлодар» АЭА-да болып, инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты
Арнайы экономикалық аймақ 2011 жылы құрылды. АЭА аумағында 17 кәсіпорын жұмыс істеуде, биыл тағы 4 кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда және 21 кәсіпорын құрылу сатысында.
Өңір басшысы металлургияға арналған бұйымдар мен қосалқы бөлшектерді өндіретін «Еуразиялық механикалық зауыт» ЖШС жоғары технологиялық өндірісінің құрылыс барысымен танысты. Инвестиция көлемі - 7,3 млрд. теңге, 60 жұмыс орны құрылады. Мұнда құрылымдарын монтаждау аяқталып, сэндвич панельдері орнатылуда.
«Тандем recycling» ЖШС директоры Павел Горбачев 6 млрд. теңгеге қорғасын-мырыш аккумуляторларын қайта өңдейтін жобаның іске асырылып жатқанын баяндады. Мұнда 70 жұмыс орны құрылады.- Қолданылған аккумуляторлық батареяларды жою - бұл өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Қоршаған ортаны ластамау экологияны жақсартуға мүмкіндік береді, - деді инвестор.
Өңір басшысы кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін арттыруды, АЭА преференциялары мен әлеуетін толық көлемде пайдалану қажеттігін атап өтті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -