Облыс әкімі Асайын Байханов реконструкциядан және күрделі жөндеуден өткен Павлодар медициналық жоғары колледжінің жатақханасына барды
1969 жылы салынған ғимарат алғаш рет толықтай реконструкцияланды. Қазір мұнда 65 бөлме бар: оның 35-і ауылдардан келген 107 студентке берілген, ал, 4 қабаттағы бір және екі бөлмелі пәтерлерге жас дәрігерлер, балалары бар және балалары жоқ отбасылар қоныстанды.
Асайын Байханов болашақ медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасаудың әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.- Студенттердің тұрғын үй мәселесі шешілгеніне өте қуаныштымын. Сапалы медициналық қызмет көрсету білікті кадрларды дайындаумен тікелей байланысты. Біз үшін бұл өте маңызды және осындай жайлы жағдай жасауды жалғастырамыз, - деді облыс әкімі.
Барлық бөлмелер жиһаздармен жабдықталған, электр плитасы, тоңазытқыш және микротолқынды пеш, жуынатын бөлмесі бар. Сондай-ақ, білім алушылардың дайындалулары үшін кабинеттер қарастырылған.
1 қабатта буфет, компьютерлермен, әдебиеттермен, интернетпен жабдықталған оқу залы, сондай-ақ, коворкингтер, тренажер залы, изоляторы бар медициналық пункт орналасқан. Залда теледидар, интернет және жұмсақ жиһаз орналастырылған демалыс бұрышы жабдықталған.
Көптеген жылдар бойы жатақхананың болмауы 75 жылдық тарихы бар колледждің өзекті мәселесі болды.- Медициналық жоғары колледж 1949 жылы жұмысын бастап, мыңдаған жоғары дәрежелі медицина қызметкерлерін дайындап шығарды. Қазіргі студенттер үшін тамаша жағдай жасалған. Осынау игілікті іс және мемлекет тарапынан қолдау өте маңызды,- деп атап өтті денсаулық сақтау саласының ардагері Мұрат Сүлейменов.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -