Облыс әкімінің азаматтарды қабылдауы барысында Панфилов ауданындағы оқушыларды тасымалдау мәселесі шешілді
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауға кірген үш адам өзін толғандырған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерімен жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жеке қабылдау барысында Панфилов ауданының тұрғыны Ләйлә Мұхаева Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» жобасымен салынған жаңа мектепте оқитын 1 мыңнан астам баланың көпшілігі қаланың бір шетінде тұратындықтан, оқушыларға тасымал ұйымдастырылса деген ұсынысын айтты.
Осыған байланысты облыс әкімі Бейбіт Исабаев қаланың ішінде балаларын мектепке апарып-әкелуге мүмкіндігі жоқ, мектептен алыс тұратын отбасылар үшін автобус ұйымдастыру мәселесін қарастыруды тапсырды. Бұл ретте Панфилов ауданының әкімдігі облыстық білім басқармасымен бірлесіп, аудандағы қолданыста бар автобустардың бірін аталған Жаркент орта мектебіне беру туралы шешім қабылдағандарын айтты.
Сол сияқты қабылдауға келген Талдықорған қаласының тұрғыны Г.Разбекова мен Ескелді ауданының тұрғыны С. Бақытжан тұрғын үйге қатысты мәселемен жүгінді. Оларға мемлекеттік қордан үй берудің заң аясындағы талаптары түсіндірілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Жеңіс Ысқабай
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -