Облыс әкімі Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровпен кездесті
Облыс әкімі Асхат Шахаров пен еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров арасындағы кездесу барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және халықаралық әріптестікті нығайту бағытындағы жоспарлар талқыланды.
Кездесу барысында облыс әкімі өңірдің даму перспективаларын баяндап, шетелдік инвесторларды тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өз кезегінде Әлібек Қуантыров Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтар мен экономикалық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бастамаларды атап өтті.
Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыруға және халықаралық деңгейде өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -