Облыс орталығының қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту жалғасуда
Павлодарға тағы 12 жаңа жайлы автобус жеткізіліп, бүгін өңір басшысына таныстырылды. Жақын күндері олар «Таксомотор» ЖШС қызмет көрсететін 003 бағыты бойынша қала көшелеріне шығады және қозғалыс аралығы 10 минуттан 8 минутқа дейін қысқарады.
57 орындық жаңа автобустар мүмкіндігі шектеулі жандардың мініп-түсуі үшін жиналмалы аппарельмен жабдықталған, жолаушыларға ыңғайлы болу үшін кондиционерлер, гаджеттерді қосуға арналған USB-порттар бар, сондай-ақ, салонға 7 бейнекамера орнатылған.
Сондай-ақ, қала тұрғындарымен қатар павлодарлық «Ертіс» ФК футболшылары да сыйлыққа жаңа жайлы автобус алды.
Командаға арналған көлікті «№ 1 автобус паркі» ЖШС демеушілік көрсетіп, сатып алды. Yutong маркалы автобус шалқаймалы орындықтары және аяққа арналған жастықтары бар 43 орынға арналған, жолаушылардың жайлылығы үшін кондиционерлер, тоңазытқыштар және т. б. орнатылған.
- Аты аңызға айналған клубтың 60 жылдық мерейтойы қарсаңында бұл лайықты сыйлық. Біздің даңқты клубты жандандыруға көмектескен және сүйікті командамызға әлі де қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысымды айтамын.Өткен жылы біздің жігіттер екінші лиганың чемпиондары атанып, маусымды бірінші лигаға шығумен аяқтағаны мақтануға тұрарлық. 2025 жылдың басты міндеті - Премьер-лигаға оралу. Енді осы автобуспен сырт алаңдағы ойындардан тек жеңістер әкелсін, - деді облыс әкімі Асайын Байханов.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -