Қорғаныс министрінің Республика күнімен құттықтау сөзі: Астана қаласы, 25 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қорғаныс министрінің Республика күнімен құттықтау сөзі

Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар!

Қадірлі отандастар!

Еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күніне орай өз атымнан және Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы атынан шын жүректен шыққан құттықтауды қабыл алыңыздар!

25 қазан – ел тарихындағы маңызды күн. Бүкіл әлемге егеменді ел екенімізді жариялап, Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекет құрды.

Халқымыз жаңа тарихи кезеңді бастай отырып, бостандық пен тәуелсіздік туралы сан ғасырлық армандарына қол жеткізді, мықты мемлекеттің іргетасы қаланды. Қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларындағы, экономикадағы, мемлекеттік институттардағы реформаларды сәтті жүзеге асырып келеміз.

Қазақстанның даму жолындағы салмақты және теңгерімді сыртқы саясат, тату көршілік және ашық әріптестік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту сынды басты қағидаттар мен негізгі құндылықтар сол қалпында қалады.

Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауда қауіпсіздікті сақтаудың кепілі ретінде Қарулы күштердің атқаратын рөлі ерекше.

Бүгінде әскерді даярлаудың қарқындылығы мен сапасы артып келеді. Қарулы күштердің әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік дағдылары мен өршіл рухын тәжірибеге жұмылдырып, ауқымды жаттығулар мен халықаралық жарыстарда көрсетіп жүр.

Еліміз үшін ең басты мерекеде барлық әскери қызметшілерге, Қарулы күштердің ардагерлеріне және ел азаматтарына зор денсаулық, отбасыларына амандық және тыныштық тілеймін!

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

генерал-полковник Р. Жақсылықов

Ақпарат көзі: Министерство обороны Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар!

Қадірлі отандастар!

Еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күніне орай өз атымнан және Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы атынан шын жүректен шыққан құттықтауды қабыл алыңыздар!

25 қазан – ел тарихындағы маңызды күн. Бүкіл әлемге егеменді ел екенімізді жариялап, Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекет құрды.

Халқымыз жаңа тарихи кезеңді бастай отырып, бостандық пен тәуелсіздік туралы сан ғасырлық армандарына қол жеткізді, мықты мемлекеттің іргетасы қаланды. Қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларындағы, экономикадағы, мемлекеттік институттардағы реформаларды сәтті жүзеге асырып келеміз.

Қазақстанның даму жолындағы салмақты және теңгерімді сыртқы саясат, тату көршілік және ашық әріптестік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту сынды басты қағидаттар мен негізгі құндылықтар сол қалпында қалады.

Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауда қауіпсіздікті сақтаудың кепілі ретінде Қарулы күштердің атқаратын рөлі ерекше.

Бүгінде әскерді даярлаудың қарқындылығы мен сапасы артып келеді. Қарулы күштердің әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік дағдылары мен өршіл рухын тәжірибеге жұмылдырып, ауқымды жаттығулар мен халықаралық жарыстарда көрсетіп жүр.

Еліміз үшін ең басты мерекеде барлық әскери қызметшілерге, Қарулы күштердің ардагерлеріне және ел азаматтарына зор денсаулық, отбасыларына амандық және тыныштық тілеймін!

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

генерал-полковник Р. Жақсылықов

Аймақтағы жаңалықтар