Қорғаныс министрі жеке құрамға Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын таныстырды
Мемлекет басшысының өкімімен осы лауазымға генерал-майор Серік Жақсығалиұлы Борамбаев тағайындалды.
Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын жеке құрамға таныстыра отырып, қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов офицердің басшылық лауазымдардағы қызметте мол тәжірибесі бар екенін атап өтті.
Серік Борамбаев Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесінің курсантынан Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы – ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасарына дейінгі мансаптық жолдан өтті. Қызыл Ту Каспий флотилиясының әскери бөлімдерінде қызмет етіп, Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болды, Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар, Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменттерін басқарды.
Қорғаныс министрі кездесу соңында генерал-майор Серік Борамбаев әскери қауіпсіздікті және теңіз шекараларын берік қорғауды қамтамасыз ету ісінде ел басшылығы жүктеген міндетті ақтайтынына сенім білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -