Ортсайлауком ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.С. Смолякованы тіркеді
2025 жылғы 26 ақпанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.С.Смолякованы тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Respublica» партиясы» Қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 6 хаттамасының үзінді көшірмесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Екатерина Сергеевна Смоляковаға берілсін. Екатерина Сергеевна Смолякова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Екатерина Сергеевна Смоляковаға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатынын айта кету қажет.
Екатерина Смоляковаға белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табысталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -