Отандастарымыздың зейнетақы активтері 20 трлн теңгеден асты: Қарағанды ​​облысы, 05 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Отандастарымыздың зейнетақы активтері 20 трлн теңгеден асты

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 20,26 трлн теңгеден асып, жыл басынан бергі 7 ай ішінде 2,4 трлн теңгеге жуық (немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі - 3,9 трлн теңге (немесе 23,7%).

Қазақстандықтардың жинақтарының 96,32%-ы МЗЖ есебінен қалыптасқан, олардың көлемі 01.08.2024ж. шамамен 19,5 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 23%, жыл басынан бері - 12,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары - 618,14 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 19,6%, ал жыл басынан бері 8,7% артты. Ең үлкен өсімді (жылына 47%, жыл басынан бері 26,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі - 6,7 млрд теңге.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 7 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 120,5 млрд теңгеге жетті.

Кіріс ағындары

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2024 жылғы қаңтар-шілде айларында салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 1,55 трлн теңгеден асты (өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,5% немесе 353,5 млрд аса теңгеге артық).

Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.08.2024 жылға дейін 1,36 трлн теңгеден астам (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,5% артық), МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға шамамен 66,01 млрд теңге (өсім 20,4%), ЕЗЖ - 1,7 млрд теңге (өсім 34,4%) түсті.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.08.2024 ж. шамамен 1,38 трлн теңге. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 620,3 млрд жуық теңгеге (немесе 81,5%) артты.

Төлемдер мен аударымдар

2024 жылдың 7 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 608,64 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 322,4 млрд теңгеге немесе 112,7% көп.

266,16 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 114,5 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 37,4% жоғары.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 34,83 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 22,21 млрд теңгеден астам, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 1,8 млрд теңгеден астам, жерлеуге төлемдер – шамамен 5,9 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 163,3 млрд теңгеден астам сома аударылды.

Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 847 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды.

ЖЗШ саны

2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 16,46 млн. бірліктен асты. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 тамызына шамамен 12,4 млн бірлікке тең. Оның ішінде: 11,07 млн - МЗЖ бойынша, 690,7 мың - МКЗЖ бойынша, 425 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - шамамен 4,08 млн бірлік

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Шахтинск»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 20,26 трлн теңгеден асып, жыл басынан бергі 7 ай ішінде 2,4 трлн теңгеге жуық (немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі - 3,9 трлн теңге (немесе 23,7%).

Қазақстандықтардың жинақтарының 96,32%-ы МЗЖ есебінен қалыптасқан, олардың көлемі 01.08.2024ж. шамамен 19,5 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 23%, жыл басынан бері - 12,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары - 618,14 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 19,6%, ал жыл басынан бері 8,7% артты. Ең үлкен өсімді (жылына 47%, жыл басынан бері 26,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі - 6,7 млрд теңге.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 7 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 120,5 млрд теңгеге жетті.

Кіріс ағындары

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2024 жылғы қаңтар-шілде айларында салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 1,55 трлн теңгеден асты (өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,5% немесе 353,5 млрд аса теңгеге артық).

Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.08.2024 жылға дейін 1,36 трлн теңгеден астам (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,5% артық), МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға шамамен 66,01 млрд теңге (өсім 20,4%), ЕЗЖ - 1,7 млрд теңге (өсім 34,4%) түсті.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.08.2024 ж. шамамен 1,38 трлн теңге. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 620,3 млрд жуық теңгеге (немесе 81,5%) артты.

Төлемдер мен аударымдар

2024 жылдың 7 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 608,64 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 322,4 млрд теңгеге немесе 112,7% көп.

266,16 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 114,5 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 37,4% жоғары.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 34,83 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 22,21 млрд теңгеден астам, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 1,8 млрд теңгеден астам, жерлеуге төлемдер – шамамен 5,9 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 163,3 млрд теңгеден астам сома аударылды.

Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 847 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды.

ЖЗШ саны

2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 16,46 млн. бірліктен асты. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 тамызына шамамен 12,4 млн бірлікке тең. Оның ішінде: 11,07 млн - МЗЖ бойынша, 690,7 мың - МКЗЖ бойынша, 425 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - шамамен 4,08 млн бірлік.

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Аймақтағы жаңалықтар