Парламент Мәжіліс ТМД аясындағы халықаралық келісімді ратификациялады: Астана қаласы, 27 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Парламент Мәжіліс ТМД аясындағы халықаралық келісімді ратификациялады

Мәжіліс 2023 жылғы 8 маусымда Сочи қаласында жасалған көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялар құру, қызметі және оларды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялады. Оның негізгі мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында қызмет көрсету бойынша еркін сауда аймағын құру.

– Келісім ТМД-ға мүше мемлекеттердің қызмет берушілері үшін серіктестер нарығында неғұрлым тиімді шарттар ұсыну туралы міндеттемелерін бекітуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ТМД кеңістігінде неғұрлым қолайлы инвестициялық ахуал құрады, – деді Арман Шаққалиев.

Министр келісімге Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар, жер мәселелері, жер қойнауын пайдалану, табиғи монополиялар және жаңартылатын энергия көздерін реттеу секілді мәселелер жатпайтынын айтты.

Келісімді ратификациялау Қазақстанның ТМД елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге, отандық қызметтердің экспортын ынталандыруға, ТМД елдерінде филиалдарын ашу кезінде отандық кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасауға және өзара инвестицияларды тарту мен қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Мәжіліс 2023 жылғы 8 маусымда Сочи қаласында жасалған көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялар құру, қызметі және оларды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялады. Оның негізгі мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында қызмет көрсету бойынша еркін сауда аймағын құру.

– Келісім ТМД-ға мүше мемлекеттердің қызмет берушілері үшін серіктестер нарығында неғұрлым тиімді шарттар ұсыну туралы міндеттемелерін бекітуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ТМД кеңістігінде неғұрлым қолайлы инвестициялық ахуал құрады, – деді Арман Шаққалиев.

Министр келісімге Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар, жер мәселелері, жер қойнауын пайдалану, табиғи монополиялар және жаңартылатын энергия көздерін реттеу секілді мәселелер жатпайтынын айтты.

Келісімді ратификациялау Қазақстанның ТМД елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге, отандық қызметтердің экспортын ынталандыруға, ТМД елдерінде филиалдарын ашу кезінде отандық кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасауға және өзара инвестицияларды тарту мен қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аймақтағы жаңалықтар