Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері су айдындарында рейдтік іс-шараларды жалғастыруда
Ол туралы ТЖД мамандары өңірдің коммуникация қызметінде өткізілген пресс-конференцияда баяндады.
Күз мезгілінің басталуымен су айдындарына баратын және жүзу құралдарын пайдаланатын балықшылар мен аңшылардың саны артып келеді. Жылдың бұл мезгілі суға кету және жазатайым оқиғаларға байланысты тәуекелдердің жоғарылауымен байланысты. Осыған байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық жұмыстар жалғасуда: су айдындарын мониторингілеу және патрульдеу, халықты ақпараттандыру және оқыту, «қауіпсіз балық аулау» акцияларын өткізу, аңшылық және балық аулау дүкендерінде плакаттар мен жадынамалар тарату, балықшылармен нұсқамалар өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жазғы кезеңде облыс аумағында 47 жағажай жұмыс істеді, оның 27-сі коммуналдық және 20-сы жеке болып табылды. Ағымдағы жылы «Бақытты балалық шақ» Қауіпсіздік мектебі жұмыс істеді. «Халық радиосымен» «Бақытты балалық шақ» қауіпсіздік мектебінің жұмысы жүргізілуде, онда балалар әңгімелер мен ертегілер арқылы әртүрлі тақырыптарда қауіпсіздік ережелерін үйренеді.
«Жүзуден олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ базасында өтеусіз негізде балалар жүзуді үйренеді. Жаздың басынан бастап 422 бала жүзуді үйренді.
Судағы жазатайым оқиғаларды азайту және болдырмау мақсатында ауқымды үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шомылу маусымында облыстың су айдындарында 6874 рейд жүргізілді, 21 мыңнан астам жадынама таратылды, 48 мың 167 адаммен әңгімелесі жұмыстары жүргізілді.
Рейдтер барысында тыйым салынған жерлерде шомылу ережелерін бұзғаны үшін 209 азамат ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда алкогольдік күйде болғаны үшін 108 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 590 мың 720 теңге айыппұл салынды. Шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 5 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 36 920 айыппұл, сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін 775 мың 991 теңге сомасына 56 азамат тартылды.
Шомылуға тыйым салынған жерлерде 222 тыйым салу белгілері және 18 ескерту сипаттағы билбордтар орнатылды. Департаментпен облыс аумағында учаскенің сипаттамасы көрсетілген 45 тыйым салу белгілеріне QR-кодтар әзірлеп, орнатылды.
Сонымен қатар, шомылуға тыйым салынған 43 орын ыңғайлы және халықты көбірек ақпараттандыру үшін 2ГИС мобильді қосымшасында көрсетілген.
Алайда, ауқымды профилактикалық шараларға қарамастан, шомылу маусымында 10 адам суға батып кетті, оның 2-і балалар. Өткен жылдың осы кезеңінде 6 адам, оның ішінде 3 бала суға кеткен болатын.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -