Павлодарда энергетиктер күні мен 1-ЖЭО-ның 60 жылдық мерейтойы атап өтілді
Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысты. Өңір басшысы энергетиктерді кәсіби мерекелерімен, сондай-ақ, өңірдегі энергетикалық кәсіпорындардың бірін мерейтойымен құттықтап, адал да қиын еңбектері және жоғары кәсібиліктері үшін алғысын білдірді.
- Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласына ерекше көңіл бөледі. Жылдың ең суық мезгілінде біз сіздердің мамандықтарыңыздың маңыздылығын ерекше сезінеміз! Сіздер біздің үйлерімізді жылумен және жарықпен қамтамасыз етуде қажырлы еңбек етудесіздер, - деді Асайын Байханов.
Өңірдің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Қазақстан алюминийі» АҚ отын-көлік цехының моторисі Сандуғаш Алдикенова, «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен «Қалалық электр желілері» ЖШС учаске басшысы Еркін Балабеков, 3-ЖЭО-ның директоры Игорь Гринев, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ машинисі Олег Новак және «ПРЭК» АҚ электромонтері Тәңірберген Смағұлов марапатталды.
Көп жылғы адал еңбектері мен жоғары кәсіби біліктіліктері үшін энергетика саласының бірқатар қызметкерлері облыс әкімінің және ҚР энергетика министрлігінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын алды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіСуреттерді түсірген Валерий Бугаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -