ПРОБЛЕМАЛЫ НЫСАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Кеңесте Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтаудың және шарттық міндеттемелерді орындағанға дейін тұрақты бақылау мен мониторингте болуының маңыздылығы туралы атап өтті.
Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Сәтбаев қаласындағы 320 орындық 2 балабақша нысаны және Жезді кентіндегі 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені бойынша жұмыстар жүргізу кестесінен артта қалғандығы туралы атап өтті.
Бұл ретте екі жоба бойынша Сәтбаев қаласындағы Оқушылар сарайы және Жезқазған қаласындағы 320 орындық балабақша толық жұмыс жүргізілуде.
Мердігерлердің қатысуымен өткен жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.Хамитов жұмысты сапалы және жоспарланған мерзімде аяқтауды, сондай-ақ объектіні пайдалануға беру мерзімінің бұзылуын болдырмау үшін қызметкерлер санын көбейтуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған жобалар бойынша Ұлытау облысының әкімдігімен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаментімен бірлесіп Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлытау облысындағы проблемалық құрылыс нысандарын аяқтау жоспары бекітілді. Жоспарда проблемалық объектілерді 2024 жылдың соңына дейін аяқтауға бағытталған егжей-тегжейлі іс-шаралар көзделген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -