Прокуратура қылмысқа қарсы күресте инновацияларды белсенді енгізуде: Астана қаласы, 26 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Прокуратура қылмысқа қарсы күресте инновацияларды белсенді енгізуде

Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында құқық қорғау органдарына азаматтардың жан-жақты қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Президенттің тапсырмаларын орындау үшін, сондай-ақ «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдары қылмысқа қарсы күресте жасанды интеллект (ЖИ) және цифрлық шешімдерді қолдануға негізделген бірқатар тиімді жобаларды іске асыруда.

Мәселен, Астана қаласының прокуратурасы есірткі қылмысына қарсы күрестің бірнеше инновациялық әдістерін әзірлеп, оны қолданысқа енгізді.

Ағынды сулардан есірткіні анықтау. Кәріз ағынынан алынған сынамаларды талдау елорданың өнеркәсіптік аймағында есірткі өндіретін жасырын зертхананы анықтауға мүмкіндік берді. Тінту нәтижесінде 27 кг-нан астам «мефедрон» психоактивті заты және бір тонна түрлі прекурсорлар тәркіленген.

Ауа ағындары бойынша есірткі зертханаларын анықтау. GCMS-TQ8040 NX масс-спектрометрі бар газ хроматографының көмегімен бұрын есірткі зертханалары орналасқан үй-жайларда ауа бөлшектерін өлшеу жүргізілді. Ауаға жүргізілген талдау онда есірткі өндірісінде қолданылатын химиялық заттардың болуын анықтады.

Прокуратура қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, алаяқтыққа және киберқылмысқа қарсы  белсенді күрес жүргізуде.

«WhatsApp» қосымшасында телефон нөмірінің алаяққа тиесілігін тексеруге мүмкіндік беретін арнайы «Алаяқтыққа қарсы» боты әзірленді. Бот екі деректер базасымен  жұмыс істейді: «NumBuster» және СДТБТ деректер базасы.

Алматы қаласының прокуратурасы, «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» ұялы байланыс операторы және «Киберпол» полиция бөлімшесі арасында SIP-қоңырауларды бұғаттау және «SIM-бокс» машиналарын анықтау үшін Меморандум жасалған.

«WhatsApp» қосымшасында чат құрылған, оған кезекші прокурорлар мен «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметкерлері енген. «Антифрод» жүйесінің көмегімен интернет-алаяқтардың 600 мыңнан астам қоңырауы бұғатталған, 5 мекенжай анықталып, 10 «SIM-бокс» - машина және 1200-ден астам SIM-карта тәркіленген.

Прокуратура құқық бұзушылықтың профилактикасына және жастармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлуде.

Алматы қаласында жастармен жұмыс істеуге баса назар аудара отырып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған «Жастармен» жобасы іске асырылуда. Студенттер полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар жүргізеді, құқық бұзушылықтарды анықтайды және оларды полицияға шара қолдану үшін жібереді.

Шымкент қаласында «Заң үйірмесі» жобасы басталған. Оның басты  міндеті жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту болып табылады. Девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдерге сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырылған, кәмелетке толмағандарға психологиялық қолдау көрсетілуде.

Сотталғандарды оңалту және балалар суицидінің алдын алу.

«Оңалтуға апарар жол» жобасының шеңберінде Алматы облысында сотталғандарды қоғамға тиімді қайта бейімдеу үшін оларды жұмысқа орналастыру туралы кәсіпкерлермен меморандум жасалған.

TELE2 ұялы байланыс операторымен бірлесіп, интернетте теріс мазмұннан қорғауды, баланың орналасқан жерін анықтауды, оның айналасында болып жатқан оқиғаларды тыңдауды және басқа да функцияларды көздейтін «СИМ КИДС» сим-картасы әзірленуде.

Басқа  да тиімді жобалар.

Шымкент қаласында Жасанды интеллект  элементтері бар «BAIQA SYSTEM» бейнебақылау жүйесі енгізілген, ол автоматты режимде ҚАЖД-ның №53 мекемесіндегі бұзушылықтарды тәулік бойы бақылап, қызметкерлерге хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың басынан бастап пилоттық режимде «Есірткіні тоқтат!» жобасы іске қосылған, онда есірткі құқық бұзушылықтары туралы шынайы ақпарат берген азаматтарға ақшалай сыйақы төлеу көзделген. Төлемдер жергілікті кәсіпкерлердің ерікті жарналарынан жүргізіледі.

Қызылорда облысында «Қылмыссыз ауыл - кемел келешек кепілі» жобасы шеңберінде өңір аудандарында алкоголь өнімдерін сататын кәсіпкерлермен алкоголь сатуды шектеу туралы меморандум жасалған.

Қарағанды және Алматы облыстарында түсірілген «Закладка», «Они психологи» және «Детство за стеной» деректі фильмдері жастар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасына өзіндік маңызды  үлес қосты.

Прокуратура қылмысқа қарсы күресте, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және құқық бұзушылықтың профилактикасында инновациялық технологияларды белсенді қолдануда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар