«Qarmet» кәсіпорындағы қауіпсіздік шаралары
Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев «Qarmet» АҚ бас директоры Вадим Басинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында жұмысшылардың және өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кәсіпорында төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін дамыту шараларына ерекше назар аударылды.
Кездесуде «Qarmet» АҚ мен Төтенше жағдайлар департаментінің қауіпсіздікті басқару жүйелерін жетілдіру, болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындық, сондай-ақ озық тәжірибелер мен ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын барынша азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қорытынды бойынша өзара әрекеттестік деңгейін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -