ҚР БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2024 жылғы 12 наурыздан бастап Төраға Хатшылығының Директоры – Бәсекелестік жөніндегі бас экономист лауазымына Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі – Шалқаров Нұрсұлтан Мұхамедиярұлы тағайындады.
Шалқаров Нұрсұлтан 1990 жылы 17 мамырда дүниеге келген.
Қытайдағы Нанкин университетін (Nanjing University) «индустриялық инжиниринг» мамандығы бойынша, сондай-ақ Назарбаев Университетін мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен бітірген. Ли Куан Ю атындағы Сингапур Ұлттық университетін мемлекеттік басқару мектебінде тағылымдамадан, сондай-ақ Қытай Мұнай және газ бен Дунхуа университеттерінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Американдық PMI жобаларды басқару институтының «Project Management Professional» (PMP) жоба жетекшісінің халықаралық сертификаты бар.
Ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгерген.
«Болашақ» Президенттік бағдарламасының түлегі.
Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2014 жылы «Атамекен-Агро» АҚ инженерлік департаментінің маманы болып бастаған.
2015 жылдан бастап «ХимПарк Тараз» АЭА «Басқарушы компаниясы» АҚ инвестициялық жобаларды тарту департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеген.
2016-2018 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы «Қазақстан Индустрияны дамыту институты» АҚ салалық талдау орталығының бас сарапшы қызметін атқарған.
2018-2019 жылдары «NAC Analytica» Ұлттық талдау орталығы ҚФ аға талдаушысы болып еңбек еткен.
2019-2023 жылдары «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС бизнесті дамыту департаментінің директоры, Жоба жетекшісі болған.
2023 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақтелеком» АҚ БҚД байланыс операторларымен келісім бойынша департамент директоры(СЕО-3), Customer Service бағытының директоры (СЕО-2) болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасы Хатшылығының директоры болып тағайындалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -