ҚР ОСК делегациясы Беларусьтегі президенттік сайлауды байқады
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған делегация Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттері Сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесінің IV отырысына қатысты, сондай-ақ Беларусь Республикасының президенттік сайлауына халықаралық байқауды жүзеге асырды.
Президент сайлауы қарсаңында Минскіде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттері Сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесінің IV отырысы өтті. Жұмысқа ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Беларусь және т. б. орталық сайлау органдарының басшылары қатысты.
Отырыс барысында Кеңес мүшелері өңірлік ынтымақтастықтың болашағын, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының жұмысы аясындағы халықаралық байқаудың 30 жылдығын талқылады. Отырысқа қатысушылар Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Өзбекстандағы және т.б. елдерде сайлау процестері туралы хабардар етілді. Сонымен қатар, Консультативтік кеңестің жанынан жастар саясаты жөніндегі жұмыс тобын құру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.
Консультативтік кеңестің отырысында сөз сөйлеген ҚР ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Достастық елдерінің сайлау органдары өздерінің отыз жылдық межесінен өтті, биыл біз ТМД кеңістігінде халықаралық байқаудың 30-жылдығына салмақты жүкпен келдік. Тұтастай алғанда, Достастық елдері осы онжылдықтарда елеулі сайлау тәжірибесін жинақтады, заңнамалық база жетілдірілуде, жаңа технологиялар мен тәсілдер енгізілуде, бұл біздің қызығушылығымызды тудырады және мұқият зерттелуде», - деп атап өтті.
Қазақстан Ортсайлаукомының басшысы Консультативтік кеңестің қатысушыларын еліміздің 2024 жылғы сайлау оқиғалары туралы хабардар етті. Оның ішінде – АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум өткізу және халықтық демократияны нығайтуға арналған ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау бар.
Айта кету керек, ағымдағы жылы Қазақстан Консультативтік кеңестің тең төрағасы болып табылады, осы жылдың күзінде Кеңеске төрағалық Қазақстан Республикасына өтеді.
26 қаңтарда Беларусь Республикасы Президенті сайлауының негізгі күнінде ҚР ОСК делегациясы президент сайлауына халықаралық байқауды жүзеге асырды. Делегация мүшелері дауыс беруге арналған учаскелерге, сайлауды қоғамдық байқау орталығына, Беларусь Республикасының ОСК Ақпараттық орталығына, ТМД-дан байқаушылар миссиясының және ШЫҰ-дан байқаушылар миссиясының баспасөз конференциясына барды, сондай-ақ сайлау органдары басшылары мен тәуелсіз байқаушылар брифингіне қатысты.
Сонымен қатар, халықаралық байқау аясында Қазақстан мен Беларусь орталық сайлау органдарының басшылары Нұрлан Әбдіров пен Игорь Карпенконың кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сайлау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері мен перспективаларын талқылады.
Анықтама ретінде:
Дауыс беру үшін Беларусьте 5325 учаскелік сайлау комиссиясы (УСК) құрылды. Олардың құрамына 56,5 мыңнан астам адам кірді. УСК мүшелерінің көпшілігі (59,2%) – саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қалғандары азаматтар топтары (29,1%) және еңбек ұжымдарынан (11,7%) жіберілді.
Сайлау күніне бес күн қалғанда сайлаушылар мерзімінен бұрын дауыс бере алады. Осы кезеңде сайлау учаскелері 12:00-ден 19:00-ге дейін, ал негізгі дауыс беру күні 8:00-ден 20:00-ге дейін ашылды.
Толтырылған бюллетеньді суретке және бейнеге түсіруге тыйым салынады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -