ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түркістан облысының жастарымен кездесті. Жиынға Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев модераторлық етті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында елімізде іске асырылатын жобалар жөнінде айтылды. Сонымен қатар, 6 қазан күні өткелі отырған республикалық референдумға жастарды белсенді қатысуға шақырды.
Жиында «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман мен Қазақстан студенттері Альянсының облыстық өкілдік төрағасы Дінмұхаммед Үмбетұлы Мемлекет басшысының әрбір бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы ретіндегі бұл Жолдау облыс жастарына ерекше серпін бергендігін айтты. Кездесу соңында жастар өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.
Бұдан бөлек, Мәлік Нұржанұлы кітапхананы аралап көрді. Заманауи технологиялармен қоса, биылғы жылы оқырман игілігіне берілген Мархабат Байғұт және Өзбекәлі Жәнібек залдарымен танысты. Атқарылып жатқан жұмыстарға оң пікірін білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Кітапхана директоры Жанат Шардарбекова құрметті қонаққа кітапхананың төл туындысы Өзбекәлі Жәнібек туралы мақалалар жинақталған «Арда туған Өзағаң» кітабын және «Түркістанның туристік нысандары», «Түркістан» энциклопедиясы сынды бірнеше кітапты сыйға тартты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -