ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Бүгін, 20 ақпан күні, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Қабылдауға сондай-ақ министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Қабылдауға қатысушылар ауыл шаруашылығын дамыту мен ғылыми зерттеулердің тәжірибелік аспектілеріне қатысты ұсыныстарымен бөлісіп, өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды. Сондай-ақ жоғары білім саласындағы бағдарламалар бойынша сұрақтар қойылды.
Министр Саясат Нұрбек азаматтарды тыңдап, министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы уақыттағы жоспарларға тоқталды. Ол Қазақстанның ғылым мен жоғары білім саласында академиялық хаб ретінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ведомство жүзеге асырып жатқан ғылыми зерттеулер мен білім беру реформаларына ерекше мән беретінін жеткізді.
Қабылдауда барлық көтерілген мәселелер бойынша заңнамалық негізде тиісті жауап беріліп, ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, шешімдер қабылданатыны туралы айтылды. Министр азаматтардың ғылым және жоғары білім саласындағы сұрақтарына ашық және шынайы жауап беруге дайын екенін атап өтіп, министрліктің қолдау көрсетуге ұмтылатынын мәлімдеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -