ҚР Жоғары аудиторлық палатасында мемлекеттік қызметшілер жұмыста және одан тыс жерлерде қандай мінез-құлық нормаларын сақтауға тиіс екені талқыланды
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының тақырыптық отырысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін және жұмыс процесі кезінде еңбек тәртібін сақтау мәселелері қаралды.
Жоғары аудиторлық палатаның отырысқа қатысқан қызметкерлері кәсіби міндеттерді орындау кезінде, өз әріптестерімен және азаматтармен қарым-қатынаста, сондай-ақ жұмыс уақытынан тыс кезде этикалық мінез-құлықтың негізгі нормаларын нақты мысалдармен талдады. Бұл мінез-құлықтың негізгі қағидаттарына адалдық, шынайылық, ашықтық және сыпайылық жатады.
Іс-шараның бас спикерлері ретінде Әдеп жөніндегі уәкіл Заңғар Шындали және Персоналды басқару секторының меңгерушісі Нұргүл Пилова сөз сөйледі. Олар әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ бұзушылықтардың алдын алу шаралары және осындай жағдайлар үшін жауаптылыққа тарту тетіктері туралы айтты.
«Әдеп нормалары – әрбір мемлекеттік қызметші жұмысының негізі. Біз шынайылықтың, кәсібиліктің және қоғам мүдделеріне адалдықтың үлгісі болуымыз керек. Жұмыстан тыс уақытта да мемлекеттік қызметшілер басқаларға үлгі бола отырып, жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстануға міндетті», – деп атап өтті Заңғар Шындали.
Отырыс барысында қатысушылар нақты мысалдар келтіре отырып, қызықтыратын барлық аспектілерді талдау арқылы берілген тақырыптар бойынша өз тәжірибелерімен және пікірлерімен белсене бөлісті.
Мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп стандарттарын нығайту ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, бүкіл мемлекеттік орган жұмысының тиімділігіне де оң әсер етеді.
Telegram-каналға жазылу
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -