ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппаратының бөлім меңгерушісі Қуаныш Сәлімжан 24kz телеарнасында «Prime Time» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты: Астана қаласы, 25 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппаратының бөлім меңгерушісі Қуаныш Сәлімжан 24kz телеарнасында «Prime Time» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты

ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппаратының бөлім меңгерушісі Қуаныш Сәлімжан 24KZ телеарнасында «Prime Time» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысып, Сот жюриінің қызметіне қатысты маңызды заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат берді.

Бағдарлама барысында судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау кезінде тәуелсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету және заңдылықты сақтау сияқты Сот жюриінің ерекшеліктері мен міндеттерін айқындайтын негізгі аспектілер талқыланды.

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі объективтілік, заңдылық және бейтараптық негізінде шешім қабылдайтын тәуелсіз және дербес алқалы орган болып табылады.

Эфирде 2024 жылғы 1 қазаннан бастап судьяларды заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартудың жаңа тетігі қолданысқа енгізілгені түсіндірілді.

Енді судьяның заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселе тек қана жоғары тұрған соттың ұсынысы негізінде қаралуы мүмкін.

Заңда судьялардың тәртіптік істі қарау кезінде адвокаттар мен заң кеңесшілерінің арасынан өэдеріне өкілдерді тартуға, сондай-ақ Сот жюриіне жіберілгенге дейін істің барлық материалдарымен танысуға құқықтары көзделген.

Судьяның Сот жюриінің шешіміне Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқығы бар. Кеңес судьялардың шағымдарын қарау арқылы олардың құқықтарын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы Жарлығымен Сот жюриі туралы ережеге енгізілген түзетулерге сәйкес судьяларға қатысты судьялық әдеп нормаларын бұзу жөніндегі тексерулер азаматтардың өтініштері негізінде ғана қаралуы мүмкін екендігі атап өтілді. Мұндай өтініштер тиісті тексерулер жүргізу және материалдарды Сот жюриіне жіберу туралы мәселені шешу үшін Жоғарғы Сотқа, облыстық соттарға және судьялық әдеп жөніндегі комиссияларға жіберіледі.

Бағдарлама соңында Қ. Сәлімжан Жоғары Сот Кеңесінің қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан, жалпы бизнес-процестерді оңтайландыруға бағытталған жұмысы туралы хабардар етті.

Кеңес қызметі Кеңестің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерінде тұрақты негізде жарияланады, Кеңес мүшелері БАҚ-та тұрақты түрде құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Судьялардың біліктілік емтиханы, конкурстық іріктеу және мансаптық ілгерілету туралы тиісті ақпараттар ашық және қолжетімді.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Кеңес құзыреті шеңберінде тиісті түсініктемелер бере отырып, азаматтарды күнделікті қабылдайды.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар