Өрт қауіпсіздігі – балалар көзімен: Қарағанды ​​облысы, 23 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі – балалар көзімен

Өрт қауіпсіздігі – балалар көзімен

Өрт қауіпсіздігі – балалар көзімен

Өрт қауіпсіздігі – балалар көзімен

Өрт қауіпсіздігі – балалар көзімен

Өрт қауіпсіздігі – балалар көзімен

Өрт қауіпсіздігі – балалар көзімен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында “Заң және тәртіп” құндылығының маңыздылығын ерекше атап өтті. Осы бағытта Саран қаласының Абай атындағы мектебінде өрт қауіпсіздігіне байланысты тәрбиелік жұмыстар қолға алынып, “Өрт қауіпсіздігі – балалар көзімен” атты арнайы бұрыш жасақталды.

Аталған бұрышта өрт қауіпсіздігі тақырыбында оқушылардың шығармашылық жұмыстары, ақпараттық материалдар мен маңызды ережелер ұсынылды. Бұған қоса, 2 және 7-сынып оқушылары “Өрт қауіпсіздігі” тақырыбында өз білімдерімен бөлісіп, өрттің алдын алу шаралары, қауіпті жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері туралы пікірлерін ортаға салды.

Бұл бастама оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілік сезімін нығайтуға бағытталған. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың тәртіп пен қауіпсіздік қағидаларын терең түсінуіне ықпал ететініне сенімдіміз.

Ақпарат көзі: ГУ «Отдел внутренней политики города Сарани»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында “Заң және тәртіп” құндылығының маңыздылығын ерекше атап өтті. Осы бағытта Саран қаласының Абай атындағы мектебінде өрт қауіпсіздігіне байланысты тәрбиелік жұмыстар қолға алынып, “Өрт қауіпсіздігі – балалар көзімен” атты арнайы бұрыш жасақталды.

Аталған бұрышта өрт қауіпсіздігі тақырыбында оқушылардың шығармашылық жұмыстары, ақпараттық материалдар мен маңызды ережелер ұсынылды. Бұған қоса, 2 және 7-сынып оқушылары “Өрт қауіпсіздігі” тақырыбында өз білімдерімен бөлісіп, өрттің алдын алу шаралары, қауіпті жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері туралы пікірлерін ортаға салды.

Бұл бастама оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілік сезімін нығайтуға бағытталған. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың тәртіп пен қауіпсіздік қағидаларын терең түсінуіне ықпал ететініне сенімдіміз.

Аймақтағы жаңалықтар

krmm.kz