Құрылыс компаниясы жобаны қараша айында аяқтауы керек
Ақтөбе қаласының Чекалин көшесіндегі апатты үйдің тұрғындарына арнап үй салуды екі жыл бұрын міндетіне алған құрылыс компаниясы уәдесін орындамай келеді. Бүгін қала әкімі Азамат Бекет застройщик-компания директорын үй тұрғызылуы тиіс құрылыс алаңына шақыртты.
Чекалин көшесіндегі апатты үйдің 58 пәтеріндегі тұрғындардың мәселесін шешу үшін үй салып беруге міндеттенген «Стройстандарт–222» ЖШС компаниясына 2022 жылы Қызылжар тұрғын алабынан 18 гектар жер берілді. Құрылыс компаниясы бір жылда үйлер тұрғызып, соның бірін апатты үйден көшуі тиіс 58 отбасына тегін беруге міндет алған болатын.
“Сіздер сылтау айтып, уақыт созып келесіздер. Тұрғындар да, біз де бұдан әрі күте алмаймыз. Егер осы берілген жерге үй салмайтын болсаңыз, келісім шартты үзіп, заң аясында шара қолданатын боламын», - деп ескертті қала әкімі.
Құрылыс компаниясының директоры келесі аптада құрылыс жұмыстарын бастап, қараша айында үйді тұрғызып аяқтайуға уәде берді.
«Қызылжар тұрғын алабынан бізге 18 гектар жер берілді. Осы жерге біздің компания 3 қабатты 4 үй салады. Соның бірін Чекалин көшесіндегі апатты үйдің тұрғындары үшін салып, оларға тегін береміз. Осы күнге дейін біз инвестормен проблемалық сұрақтар туындап, құрылысты кешіктірдік. Техникамыз жеткілікті. Орталық траесформатордан екі авариялық кабельді асфалбттің астына салдық. Үй қараша айында дайын болады. Келесі аптада құрылысты бастаймыз», - деді «Стройстандарт–222» ЖШС директоры Асанжол Қажығалиев.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -