"Құрылысмет" ЖШС №2 стандартталмаған жабдықтар мен шағын механикаландыру өндірісінің еңбек ұжымымен кездесу
Қазіргі уақытта күнделікті жұмысты ұйымдастыру мәселелерінің ерекше маңыздылығын атап өтіп, қолда бар мәселелерге уақтылы шешім қабылдау үшін еңбек ұжымдарымен «кері байланыс» орнатамыз. 21 ақпанда қала әкімі “Құрылысмет” ЖШС №2 стандартталмаған жабдықтар мен шағын механикаландыру өндірісінің еңбек ұжымымен кездесті.Басқа кәсіпорындарда өткізілген кездесулердің ұқсастығы бойынша, алдымен қатысушыларға 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлары туралы қысқаша хабардар етіп, кәсіпорынның стендінде орналастырылған QR кодын қолдана отырып, қазіргі уақытта онлайн режимінде жеке қабылдауға жазылуға мүмкіндігі барын айттым.Кәсіпорын қызметкерлерімен белсенді әңгіме өткізіліп, оның барысында барлық қойылған сұрақтарға, атап айтқанда, жол-көлік инфрақұрылымын абаттандыру, қаңғыбас иттерді аулау, балалар алаңдарын, тротуарлар мен қоқыс алаңдарын жайластыру, сондай-ақ сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстары бойынша түсініктемелер берілді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -