СҚО-да балаларға арналған Президент шыршасы өтті
Бүгін Оқушылар сарайында ел Президенті атынан ұйымдастырылған жаңажылдық шыршада солтүстікқазақстандық балаларды Жаңа жыл мерекесімен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.
Шырша мерекесіне өңірдің түкпір-түкпірінен озат оқушылар, олимпиада жүлдегерлері, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, жетімдер мен ерекше қажеттіліктері бар балалар жиналды. Олар үшін жарқын жаңажылдық қойылым дайындалып, соңында әр балаға Мемлекет басшысы атынан сыйлықтар табысталды.
Өңір басшысы солтүстікқазақстандық балаларға жаңа жылда бақыт, денсаулық, жақсы оқу мен үлкен жетістіктер тіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -