Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді келіп жеткен Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! 2025 жыл баршаңызға бақыт, молшылық пен береке табыс әкелсін!
Өткен жыл маңызды әрі мәнді оқиғаларға толы болды. Ең күрделі сынақтардың бірі — су тасқыны көптеген отбасыларға әсер етті. Президент, демеушілер мен жұртшылықтың қолдауының арқасында зардап шеккендерге толыққанды көмек көрсетілді, бұзылған инфрақұрылым қалпына келді, жаңа шағын аудан салынды. Бүгінде зардап шеккен отбасылар жаңа жылды жаңа үйлерде және сатып алынған пәтерлерде қарсы алуда.
Дей тұрғанмен, 2024 жыл айтарлықтай жетістіктерге толы болды. Биыл жаңа кәсіпорындар мен фермалар іске қосылды, перспективті инвестжобалар жүзеге асуда. Әлеуметтік маңызы бар нысандар салынды, бұл өңірдегі адамдардың өмір сапасына және аймақтың дамуына оң әсерін тигізеді.
Диқандарымыз мемлекеттік қолдау мен тынымсыз еңбектің арқасында рекордтық өнімге қол жеткізді. Президент солтүстікқазақстандық шаруалардың жетістіктерін жоғары бағалады. Ерекше құрметке Геннадий Зенченко ие болып, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталды. Бұл марапат – өңір диқандарының ел игілігі жолындағы ерен еңбегін мойындаудың жарқын белгісі.
2025 жылы алдымызда жаңа міндеттер мен мақсаттар тұр. Экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жаңарту және солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасады. Бірлескен қызметтің арқасында жаңа жетістіктерге жетіп, өңірімізді одан әрі гүлдендіре түсеміз деп сенемін. 2025 жыл жарқын оқиғалар мен оң өзгерістерге толы болғай. Жаңа жыл құтты болсын!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -