«S1 ХҚЕС және S2 ХҚЕС стандарттарын қолдану» тақырыбына тегін вебинар
2024 жылғы 29 қазанда сағат 14:00-ден 17:30-ға дейін Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) Халықаралық орнықты даму стандарттары жөніндегі кеңеспен (ISSB) бірлесіп және «Орнықты қор биржалары» бастамасымен (SSE), Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығының қолдауымен: «S1 ХҚЕС және S2 ХҚЕС стандарттарын қолдану» тақырыбына тегін вебинар өткізеді.
Вебинар 4 модульден тұрады:
Дайындық. Орнықты даму саласында ақпаратты жария етудің негізгі талаптары ретінде USB стандарттарымен танысу; Келісу. ХҚЕС стандарттарын қолдануға жәрдемдесу және талаптарға сәйкес келу үшін ақпаратты жария етуді жақсарту; Енгізу. Орнықты дамуға байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді идентификаттау, бағалау және интеграциялау арқылы ақпаратты тиімді жария ету процесіне қатысушыларды бағыттау, қаржыландырылатын шығарындыларды есептеу жаттығулары; Коммуникация. Пайдаланушылардың орналасқан жерін, тиімділігін және сенімін ескере отырып, жалпы есептіліктегі орнықты даму туралы ақпаратты ұсынуда есеп жасаушыларды қолдау.
Вебинарға тіркелуге сілтеме : https://zoom.us/webinar/register/WN_RiimqGHqRua484hhNezzcQ#/registration
Семинар орыс тіліндегі аудармамен ағылшын тілінде өткізіледі.
Тренинг бағдарламасын сәтті аяқтаған және одан кейін сауалнаманы толтырған барлық қатысушылар 3.5 CPD-кредиті бойынша CPD сертификатына ие болады. Сертификаттың суреті сіз https://sseinitiative.org/sites/sseinitiative/files/documents/communications-package_issb-workshop-rev.pptx таба алатын қолдау пакетіне қосылған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -