ШҚО-дағы вакцинация: 2024 жылдың қорытындылары мен перспективалары: Шығыс Қазақстан облысы, 21 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ШҚО-дағы вакцинация: 2024 жылдың қорытындылары мен перспективалары

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша ШҚО-да халықты профилактикалық екпелермен қамту деңгейі жоғары болып, өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын көрсетті. Балалар арасындағы қамту деңгейі 95%-100% аралығында болды. Бұл туралы ШҚО санитарлық-эпидеоломиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте мәлімдеді.

- Әсіресе бір жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау сәтті жүргізілді. Мысалы, туберкулезге қарсы қорғаныс беретін БЦЖ екпесі 8091 бала және 1 жасқа дейінгі учаскелерде 90 бала егілді, В гепатитіне қарсы вакцинация 7997 бала және 1 жасқа дейінгі учаскеде - 19 баланы құрады. АКДС3+Hib3 алғашқы кешенін 7727 бала алды, -деді Сәуле Слямғазина.

Сондай-ақ, 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында дифтерия мен сіреспеге қарсы АДС-М вакцинасын 95,3% жасөспірім қабылдады. Ересек тұрғындарды иммундау да басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жыл ішінде дифтерия мен сіреспеге қарсы екпені 17 564 адам алды, бұл жоспарланған көрсеткіштің 84,2%-ын құрады.

2024 жылы өңірде жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі саналатын АПВ-ға қарсы вакцинация енгізілді. ШҚО-да 11-13 жас аралығындағы 3270 қыз бала бұл вакцинаның алғашқы дозасын алды.

Вакцинация – жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді әдісі. Тек жоғары деңгейдегі екпе қамту арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, болашақ ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз етуге болады. ШҚО осы бағытта белсенді жұмысын жалғастырып, вакциналарды барлық азаматтар үшін қолжетімді және тегін етуде.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ШҚО-дағы вакцинация: 2024 жылдың қорытындылары мен перспективалары

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша ШҚО-да халықты профилактикалық екпелермен қамту деңгейі жоғары болып, өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын көрсетті. Балалар арасындағы қамту деңгейі 95%-100% аралығында болды. Бұл туралы ШҚО санитарлық-эпидеоломиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте мәлімдеді.

- Әсіресе бір жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау сәтті жүргізілді. Мысалы, туберкулезге қарсы қорғаныс беретін БЦЖ екпесі 8091 бала және 1 жасқа дейінгі учаскелерде 90 бала егілді, В гепатитіне қарсы вакцинация 7997 бала және 1 жасқа дейінгі учаскеде - 19 баланы құрады. АКДС3+Hib3 алғашқы кешенін 7727 бала алды, -деді Сәуле Слямғазина.

Сондай-ақ, 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында дифтерия мен сіреспеге қарсы АДС-М вакцинасын 95,3% жасөспірім қабылдады. Ересек тұрғындарды иммундау да басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жыл ішінде дифтерия мен сіреспеге қарсы екпені 17 564 адам алды, бұл жоспарланған көрсеткіштің 84,2%-ын құрады.

2024 жылы өңірде жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі саналатын АПВ-ға қарсы вакцинация енгізілді. ШҚО-да 11-13 жас аралығындағы 3270 қыз бала бұл вакцинаның алғашқы дозасын алды.

Вакцинация – жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді әдісі. Тек жоғары деңгейдегі екпе қамту арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, болашақ ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз етуге болады. ШҚО осы бағытта белсенді жұмысын жалғастырып, вакциналарды барлық азаматтар үшін қолжетімді және тегін етуде.

Аймақтағы жаңалықтар