Ұшақ апаты туралы қосымша ақпарат
Осы сағатта 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел желі телефондары жұмыс істейді (8-7172-55-96-21, 55-96-83, 8-7292-31-90-91), оған 373 қоңырау түсті.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімі нақтылануда.
Ақтау қаласына Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Фаттах оглы Гейдаров жетті.
ТЖМ Командалық орталығының базасында республикалық штаб құрылды, оның құрамына Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Сыртқы істер министрлігінің және басқа да ұйымдардың өкілдері кірді.
Осы сағатта барлығы жеке құрамнан 432 адам және 79 бірлік техника бар.
Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -