«Шахтинскводоканал» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу
Еңбек ұжымдарымен кездесулер жергілікті жердегі жағдайды шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Және өткізу кестесін жалғастыруда 18 ақпанда қала әкімі «Шахтинскводоканал» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Қатысушыларға 2024 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлары туралы хабардар етіп, кәсіпорынның стендінде орналастырылған QR кодын қолдана отырып, онлайн режимінде жеке қабылдауға жазылуға мүмкіндік барын айттым.
Сондай-ақ, киберқауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы пайдалы ақпарат барлық қатысушыларға жеткізілді, бұл азаматтарға өздерін және олардың деректерін цифрлық ортада қорғауға көмектеседі.
Кәсіпорын қызметкерлері көтерген негізгі мәселелердің қатарында қоқыс алаңдарын кеңейту және қалалық автобустарды ONAY платформасы арқылы жол ақысын электронды төлеу жүйесіне көшіру болды.
Барлық сұрақтар мұқият тыңдалып, бақылауға алынды.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -