Шымкент қаласында терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобы кезекті отырысын өткізді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С. Құранбектің төрағалық етуімен Терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобы кезекті отырысын өткізді.
Отырысқа жұмыс тобының мүшелері, арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатысып, 2024 жылғы 25 қарашадағы Шымкент қаласы бойынша терроризмге қарсы комиссиясы отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы және қалалық террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесіне жаңа объектілерді енгізу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, 2024 жылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланды, қала әкімі бекіткен 2025 жылдың жұмыс жоспары қаралды.
Мәжіліс соңында жауапты комиссия мүшелеріне берілген тапсырманы сапалы және белгіленген мерзімде орындау қажеттігі жеткізілді.
Материал Шымкент қаласы бойынша Терроризмге қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -