ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЖЕКЕЛЕЙ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ
23-25 қаңтар 2025 жылы Шымкент қаласында тоғызқұмалақтың классикалық түрінен ересектер арасында қалалық жекелей чемпионат өтті. Жарысқа 80-ге жуық үздік спортшылар қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Чемпионат Халықтар достығы университетінің Отырар филиалының спорттық ғимаратында болып өтті.
Жарыс нәтижелері:
Ерлер арасында:
1-орын: Қалыбек Бақытжан
2-орын: Қалыбек Дастан
3-орын: Жахангер Дарын
3-орын: Батырбек Бейбарыс
Әйелдер арасында:
1-орын: Ержан Гүлсезім
2-орын: Ілесбек Балауса
3-орын: Аманова Мадина
3-орын: Сейтқұл Мерей
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2025 жылдың ақпан айында Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында Шымкент қаласының намысын қорғайтын болады.
Ұйымдастырушылар Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясы атынан барлық қатысушылар мен Университет басшылығына жарысты ұйымдастыру мен қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.
Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -