Шымкент қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметін бюрократиядан арылту мәселелері талқыланды: Астана қаласы, 11 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Шымкент қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметін бюрократиядан арылту мәселелері талқыланды

Бүгін Шымкент қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай және қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен «Шымкент қаласының тәжірибесінде жергілікті атқарушы органдар қызметін бюрократиядан арылту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

МҚІА төрағасы 2022 жылы Президент Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг пен талдау құзыреті берілген сәттен бастап Агенттік тарапынан мемлекеттік органдарда бұл жұмыстың  кешенді жүргізіліп жатқанын айтты.

Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының Президенттік жастар кадр резервшілерімен кездесуінде айтқан «Жылдар бойы жауыр болған бюрократияға, қағазбастылыққа үзілді-кесілді тосқауыл қоятын уақыт жетті. «Мемлекет адам үшін» қызмет етуі керек. Елімізде азаматтардың мүддесін толық қорғайтын мемлекеттік қызмет моделін, үлгісін қалыптастыру қажет. Сондықтан уақыт талабына сай келетін және қоғам сұранысына жауап беретін жаңа жұмыс тәсілдерін енгізген жөн» деген сөздерін тілге тиек етіп, артық бюрократиялық кедергілер мен қағазбастылықтан арылту бағытында мемлекеттік органдардың бірлесіп жұмыс істеу маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметін бюрократиядан арылту бағытындағы талдау жұмыстары аясында 29 мемлекеттік орган мен ұйымдардың, оның ішінде қала әкімінің аппараты, аудан әкімі  аппараттары, басқармалар және 400-ге жуық бағынысты ұйымдардың қызметіне жүргізілген зерделеу нәтижелері  баяндалды. Сондай-ақ 2 мыңнан астам функция, 300-ден астам мемлекеттік көрсетілетін қызмет талданғаны айтылды.

Нәтижесінде, 120-ға жуық ұсыныстар әзірленген. Олар ұйымдастыру-басқару құрылымына, функциялар мен міндеттерге, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіруге, құқықтық реттеуге және ведомствоға қарасты ұйымдарға қатысты мәселелерді қамтып отыр.

Агенттік төрағасы жүргізіліп жатқан жұмыстар бюрократиялық рәсімдерді айтарлықтай қысқартуға, азаматтардың уақыт және қаржылық шығындарын азайтуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Аталған шаралар азаматтардың талап-тілектерін қанағаттандыруға, адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған  маңызды қадам.

Іс-шара соңында талқылаулар негізінде қорытынды ұсыныстар жобасын дайындап, тиісті шешімдер қабылдау үшін Үкіметке ұсыныс енгізу қажеттілігі, Агенттіктің аумақтық департаменттеріне бюрократиядан арылту бойынша жергілікті деңгейде жұмысты әрі қарай үйлестіру, анықталған проблемаларды шешу мақсатында орталық мемлекеттік органдармен өзара белсенді іс-қимыл жасап, қажетті шараларды пысықтау тапсырылды.

Ақпарат көзі: Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар