Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ұлан ауданының тұрғындарымен ашық диалог форматында кездесу өткізді
Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың Ұлан ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында халықты ауданның жаңа әкімі Арман Бекбосыновпен таныстырды.
Аймақ басшысы тұрғындарға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Айта кетейік, облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу, логистика, туризм және ШОБ дамыту салаларындағы экономикалық өсімінің негізгі нүктелері айтылды.
Кездесуде ауданның өзекті мәселелері талқыланды. Негізгі сұрақтардар тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жылу және сумен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды.
Аймақ басшысы тұрғындардың проблемаларын тыңдап, қиындықтарын тікелей білу үшін мұндай кездесулердің маңыздылығын айта кетті.
- Өңіріміздегі өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Сіздердің мәселелеріңіз қарастырып, тез арада шешімін табуға тырысамыз, - деді аймақ басшысы.
Осылайша тұрғындар сумен қамтамасыз ету және ауыз су сапасына қатысты мәселелерді айтты. Өңір басшысы Ермек Көшербаев облыс басқармаларына ауыз судың сапасы мен химиялық құрамын санитарлық нормаға сай талдауды тапсырды. Сондай-ақ ол биылғы жылы Отрадное ауылында су құбыры желілерінің құрылысы және Қасым Қайсенов ауылында су желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталатынын атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -