ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУДАН БОСАТУ
Қазақстан Республикасының Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі саласындағы заңнамасы қызмет өткеруден босату мүмкіндігін көздейді. Әскери қызметке шақырудан босату негіздерінің тізбесі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда белгіленген.
Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау кезеңі – 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін екенін еске салады.
Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидана сәйкес әскерге шақырылушыларға қажетті құжаттарды ұсыну үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуға болады электрондық лицензиялау порталында elicense.kz.
Қызметті алу үшін порталда авторлану қажет elicense.kz. «Қауіпсіздік» қойындысында тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдаңыз.
Бұдан әрі ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, шақырудан босату себебін, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп және құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзіндінің электрондық көшірмесі, әскерге шақырылушыны бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп тану туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының шешімінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
2) заңды негіздер, жиырма жеті жасқа толуы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылмағандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
3) туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інілері немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жақын туыстарының әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқаны немесе мүгедектік алғандығы туралы әскери бөлім (мекеме) басшысының бұйрығынан немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан үзінділердің электрондық көшірмесі;
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергендерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергені туралы анықтаманың немесе белгісі бар әскери билеттің электрондық көшірмесі ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аударманы жасаған аудармашының мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармашысының нотариалды куәландырылған қолының түпнұсқалылығы не нотариалды куәландырылған қолының түпнұсқалығы);
5) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ғылыми дәрежесі барларға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
ғылыми дәрежесін растайтын дипломның электрондық көшірмесі;
7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
діни бірлестік берген дін қызметкері мәртебесін растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары төрағалық етуімен шақыру комиссиясы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 6 жұмыс күн ішінде қоса берілген файлдармен өтінішті қарайды және шақырудан босату қалдыру туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы қорытынды шығарады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -