Әскери қызметтен кейінге қалдыруды қалай алуға
Қазақстанда әскери қызметке 18 жастан 27 жасқа дейінгі жас жігіттер шақырылады. Алайда, әскери міндет туралы қазақстандық заңға сәйкес азаматтардың бірқатар санаттарына ел армиясында қызмет етуді кейінге қалдыру беріледі немесе берілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидана сәйкес әскерге шақырылушыларға қажетті құжаттарды ұсыну үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуға болады
электрондық лицензиялау порталында elicense.kz.
Қызметті алу үшін порталда авторлану қажет elicense.kz. «Қауіпсіздік» қойындысында тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдаңыз.
Бұдан әрі ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, кейінге қалдыру себебін, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп және құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
білім беру ұйымынан оқып жатқанын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі
.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары төрағалық етуімен шақыру комиссиясы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 6 жұмыс күн ішінде қоса берілген файлдармен өтінішті қарайды және шақыруды кейінге қалдыру туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы қорытынды шығарады.
Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау кезеңі – 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін екенін еске салады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -