Су тасқыны: Ақтөбе өңірінде 430-дан астам үй сатып алынды
Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының көктемгі су тасқынының салдарын жою туралы тапсырмасын орындау мақсатында қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі кезде жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланған 6 ауданда салынып жатқан 511 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды.
Сондай-ақ, осы аудандар мен Ақтөбе қаласында барлығы 503 үй сатып алу жоспарланған. Бүгінгі күннің дерегіне сәйкес, көктемгі су тасқыны кезінде баспанасынан айырылған 438 отбасына олардың келісімімен үй алынды. Оның 136-сы - облыс орталығынан. Қазіргі кезде тағы 60-қа жуық отбасына баспана алу жұмыстары жүргізілуде.
Табиғи апаттан жапа шеккен 4 мыңнан астам ақтөбеліктен келіп түскен өтініш негізінде үйлерге тексеру жүргізіліп, бағалау комиссиясының қорытындысы таныстырылды. Жалпы, облыста 3621 үй жөндеуге жарамды деп танылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -