Су тасқыны: Ақтөбеде үш мектеп салынады
Су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған білім ордаларының орнына жаңасы салынады. Кейбірі күрделі, ағымдағы жөндеуден өтеді.
Ақтөбе облысы бойынша 4 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Оның екеуі Ақтөбе қаласында болса, екеуі Мұғалжар ауданында. Сонымен бірге Ойыл ауданы Ш.Берсиев атындағы мектеп-интернатта, Темір ауданының Шұбарқұдық ауылындағы №3 орта мектепке де күрделу жөндеу жүргізіліп жатыр. Барлығы екі мектеп пен төрт балабақша болды.
- Ақтөбе қаласы Әуеқалашығы ауданындағы мектеп пен Қобда ауданындағы мектеп-гимназияда ағымдағы жөндеу жүріп жатыр. Сандарға тоқсалсақ, 2 мектеп, 4 балабақша күрделі жөндеуден, 2 мектеп ағымдағы жөндеуден өтеді,- деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Ауезов. Сонымен бірге су тасқыны кезінде бүлініп, апатты деп танылған мектептердің орнына жаңасы бой көтереді. - Ырғыз ауданының Нұра ауылы Сарыоба жеріне көшіріліп жатыр. Онда 60 орындық мектеп пен балабақша бірге салынады. Ал Ойылдың Екпетал ауылындағы халық орталыққа көшірілді. Сондықтан сол Ойыл ауданында мектеп-балабақша салынады. Осы аудандағы Қаратал ауылында да балабақша бой көтереді. Мұғалжар ауданының Көтібар батыр ауылында да 60 орындық мектеп салынады. Ауданда бір балабақша құрылысы жүргізіледі, - деді Артур Ауезов.Дереккөз
:
kaz.inform.kzАқпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -