Су тасқынынан зардап шеккен отбасы баспаналы болды
Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың бірі –Батырхановтар әулеті. Жағабұлақ ауылының тұрғыны Әзілхан Батырханұлының қуанышында шек жоқ. Көктемгі су тасқыны кезінде ауылдағв үйін су басып, отбасымен баспанасыз қалған еді. Қиын сәтте мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, «Болат Өтемұратов қоры» арқылы Қандыағаш қаласынан 5 бөлмелі үй сатып алынды.
«Су тасқыны кезінде Жағабұлақ ауылындағы үйім жарамсыз болып қалды. Мемлекет тарапынан отбасымызға жан-жақты қолдаулар көрсетілді. Осы қолдаулардың арқасында Қандыағаш қаласынан үйлі болдым. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны тек сезіну керек. Барлық қолдау көрсеткен азаматтарға алғысымды білдіремін», - деді Әзілхан Батырханұлы. Бүгінгі таңда Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 53 отбасы қоныстойын тойлады. Баспаналы болған 53 отбасы – көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ембі қаласының, Жағабұлақ, Бірлік, Басшилі, Қаракөл, Шеңгелши ауылдарының тұрғындары. Оларға барлығы 931 млн. 451 мың теңгеге Болат Өтемұратов, «Қамқор Ақтөбе-2024» және «Dar Charity» қоғамдық қорлары арқылы үйлер сатып алынып берілді. Мұғалжар ауданы бойынша су тасқынында барлығы 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығындалған. Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда тасқын кезінде су басқан Жағабұлақ ауылында 9 үй, Бірлік ауылында 5 үй салынып жатыр. Мұғалжар ауданы бойынша 7 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендерге көмек көрсету және баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары ел Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілуде. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigiАқпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -