ТҮРКІСТАН: КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІН ТҰТЫНУШЫЛАРҒА КЕДЕРГІСІЗ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы мен Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен көкөніс өнімдерін сату және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Оған базар иелері, сауда желілерінің өкілдері, көкөніс өнімдерін өндірушілер мен ірі көтерме саудагерлер қатысты.
Жиын барысында көкөністерді ішкі нарыққа, соның ішінде елдің басқа өңірлеріне жеткізу, 2025 жылы күтілетін өнім көлемі, сондай-ақ тауарларды делдалсыз және тиімді бағамен өткізу мәселелері талқыланды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан ауыл шаруашылығы саласын қолдау және кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасау бойынша ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар фермерлердің нарыққа кіруін жеңілдету, өнімді тұрақты түрде жеткізу және қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша көкөніс өнімдерін ішкі нарыққа тиімді әрі тұрақты жеткізу мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, көтерме саудагерлер және базар өкілдері өзара іс-қимылды күшейтіп, ұжымдық жұмыс аясында бірлесе әрекет ету туралы шешім қабылдады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -