ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ: Түркістан облысы, 26 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жеке қабылдау өткізіп, облыс тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар сан түрлі мәселе көтерді. Мәселен, Түркістан қаласының тұрғыны «Жаңа қала» мөлтек ауданында әлеуметтік дүкендер, кәсіпкерлік қызмет алу мәселелері бойынша өтінішін

білдірді. Өтініш иесіне нақты жобамен ұсыныс беру қажеттігі түсіндірілді. Келес ауданы, Бәйтерек елді мекенінен келген азаматша тігін цехын кеңейту мақсатында ғимарат табуға көмек көрсетуді сұрады. Облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету керек екенін айтып, сала басшысына жалдау құны қолжетімді ғимарат қарастыруды тапсырды. Кентау қаласынан келген кәсіпкер кәсіпкерлікпен айналысуда туындаған кедергілер бойынша шағым білдірді. Мәселе медиативтік келісімге келу арқылы шешу келісілді. Тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров әр мәселе жан-жақты зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров жеке қабылдау өткізіп, облыс тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар сан түрлі мәселе көтерді. Мәселен, Түркістан қаласының тұрғыны «Жаңа қала» мөлтек ауданында әлеуметтік дүкендер, кәсіпкерлік қызмет алу мәселелері бойынша өтінішін <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>білдірді. Өтініш иесіне нақты жобамен ұсыныс беру қажеттігі түсіндірілді. Келес ауданы, Бәйтерек елді мекенінен келген азаматша тігін цехын кеңейту мақсатында ғимарат табуға көмек көрсетуді сұрады. Облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету керек екенін айтып, сала басшысына жалдау құны қолжетімді ғимарат қарастыруды тапсырды. Кентау қаласынан келген кәсіпкер кәсіпкерлікпен айналысуда туындаған кедергілер бойынша шағым білдірді. Мәселе медиативтік келісімге келу арқылы шешу келісілді. Тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров әр мәселе жан-жақты зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар