ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет» атты облыстық семинар өтті. Оған аудан, қала әкімдіктерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары қатысып, мемлекеттік қызметтердің Түркістан облысында көрсетілу барысы талқыланды.
– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы тікелей Президент әкімшілігінің бақылауында екендігі және сала бойынша ҚР Президентінің №954 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдар жыл сайын бағаланып отыратындығы барлығымызға белгілі. Осыған орай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына аса мән берілуі және жоғары деңгейде орындалуы тиіс, - деді басқарма басшысы Марат Айнабеков.
Жиналыста басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Нұржан Қалтбеков Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау шаралары туралы айтты. Сондай-ақ, «ХҚКО» МО АЖО ЫАЖ» мониторингі нәтижесінде анықталған бұзушылықтар баяндалды. Қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар айтылып, құқықтық оқыту өткізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -