ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 11 АЙДА 44,5 МЫҢ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ: Түркістан облысы, 30 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 11 АЙДА 44,5 МЫҢ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Биыл Түркістан облысындағы елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 57 нысанның құрылысына бюджеттен 5,6 млрд. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Жыл қорытындысымен 51,6 мың халқы бар 41 елді мекенді электрмен қамтитын 35 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Ал қалған 22 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. 2024 жылдың 11 айының қорытындысымен 26 нысан пайдалануға тапсырылды. Нақтырақ айтқанда, Ордабасы ауданында – 3, Келес ауданында – 3, Қазығұртта – 4, Төлебиде – 9, Жетісай ауданында – 1, Мақтааралда – 1, Сайрам ауданында – 3, Түркістан қаласында – 1, Сарыағаш ауданында 1 нысан ел игілігіне берілді. Нәтижесінде 34 елді мекендегі 44,5 мың халық сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Түркістан қаласындағы 110 кВ-тық «Солтүстік» қосалқы станциясы іске қосылды. Одан бөлек, желтоқсан айынан бастап Келес ауданындағы 220 кВ-тық «Қызыләскер» қосалқы станциясы және 110 кВ-тық «Л-6-А» электр желісіне дейінгі екі тізбекті 110 кВ электр желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Бұл арқылы Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтарал, Шардара, Қазығұрт аудандарының тұрғындары тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар Төлеби ауданында 110 кВ-тық «Алатау» қосалқы станцияларының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба Ленгір қаласындағы 10 мың халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Биыл Түркістан облысындағы елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 57 нысанның құрылысына бюджеттен 5,6 млрд. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Жыл қорытындысымен 51,6 мың халқы бар 41 елді мекенді электрмен қамтитын 35 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған. Ал қалған 22 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. 2024 жылдың 11 айының қорытындысымен 26 нысан пайдалануға тапсырылды. Нақтырақ айтқанда, Ордабасы ауданында – 3, Келес ауданында – 3, Қазығұртта – 4, Төлебиде – 9, Жетісай ауданында – 1, Мақтааралда – 1, Сайрам ауданында – 3, Түркістан қаласында – 1, Сарыағаш ауданында 1 нысан ел игілігіне берілді. Нәтижесінде 34 елді мекендегі 44,5 мың халық сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Түркістан қаласындағы 110 кВ-тық «Солтүстік» қосалқы станциясы іске қосылды. Одан бөлек, желтоқсан айынан бастап Келес ауданындағы 220 кВ-тық «Қызыләскер» қосалқы станциясы және 110 кВ-тық «Л-6-А» электр желісіне дейінгі екі тізбекті 110 кВ электр желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Бұл арқылы Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтарал, Шардара, Қазығұрт аудандарының тұрғындары тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар Төлеби ауданында 110 кВ-тық «Алатау» қосалқы станцияларының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба Ленгір қаласындағы 10 мың халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар